Еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын көпір салынады, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстанның әкімі құрылысы басталған автомобиль көпірінің капсуласын салу салтанатты рәсіміне қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы басталды.Екі жолақты автомобиль көпірі Құйған ауылының жанындағы жасанды су қоймасының ені ең жіңішке учаскесінде салынады. Көпірдің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады. Жоба Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайды. Мердігер компания «ОблШығысЖол» ЖШС құрылысты 2024 жылға дейін аяқтауға тиіс.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады. Бұл облыс тұрғындары үшін көптен күткен өте маңызды оқиға. Жоба стратегиялық маңызға ие. Ол шекаралас аудандарды облыстың басқа өңірлерімен байланыстырады, жолаушылар мен жүк тасымалы жеңілдейді әрі жылдам болады, – деді капсула салу рәсімінде Даниал Ахметов.Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, айналма және технологиялық жолдар төселді, электр желілері тартылып, су өткізу құбырлары орнатылды. Осы жұмыстармен қатар көпір салушыларға арналған жатақхана тұрғызылуда, материалдар, арнайы жабдықтар мен қажетті заттар жеткізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында шөп 17 мың теңгеден сатылуда
Өзгелердің жаңалығы