Еліміздегі ең қарт адам референдумда дауыс берді

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында тұратын еліміздегі жасы ең үлкен адам референдумда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентінде тұратын 114 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жаңаарқалық кейуана Қазақстандағы жасы ең үлкен адам.

Бұған дейін 102 жастағы және 103 жастағы кейуаналардың референдумда дауыс бергендері туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы