Еліміздегі егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды
"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары.
Ресейге тасымалдау шектеусіз жүргізілуде. Соңғы екі айда Ресейге 23,4 мың тонна тауар жіберілді, ал Ресей арқылы транзиттік тасымалдау 113 мың тоннаны құрады.
Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау соңғы екі айда 250 мың тоннадан асты.
Орталық Азиядағы дәстүрлі нарықтарда жаңа егіннің тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға өсті және 1 млн тоннадан асты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада мал азығы мен ветеринария бойынша көрмелер өтеді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы