Еліміздегі демографиялық ахуал қандай?
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық ахуал жөніндегі мәліметті жариялады.
Комитеттің мәліметінше, 2020 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18690,2 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 991,5 мың (58,8%), ауыл тұрғындары –7 млн 698,7 мың адамды (41,2%) құраған.
2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 241,6 мың адамға немесе 1,3% өскен.
Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалған. Атап айтсақ Алматы қаласында - 66,3 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 57,9 және Түркістан облысында - 29,9 мың адамға өскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға таяды
Өзгелердің жаңалығы