Еліміздегі бензин қоры қанша күнге жететіні белгілі болды

Шымкент МӨЗ-де қондырғыны жоспарлы жөндеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "ҚазМұнайГаз"-ға сілтеме жасап.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПКОП ЖШС) каталитикалық риформинг қондырғысындағы катализатор белсенділігін қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар басталды. Бұл – стандартты рәсім, екі жылда бір рет жүргізіледі. Оның ұзақтығы 7 тәулікке дейін созылады.

Мұнай өнімдерін тұтынушыларға жөнелту қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, аталған жұмыстар тауарлық балансқа әсер етпейді.

Елдегі мұнай өнімдерінің қазіргі қоры:

АИ-92: 354,2 мың тонна (28 күнге жететін қор)

АИ-95: 91,8 мың тонна (25 күнге жететін қор)

Дизель отыны: 400 мың тонна (31 күнге жететін қор)

Авиаотын: 114,9 мың тонна

Жөндеу кезеңіне зауыт қалыптастырған қосымша қор:

АИ-92: 21 200 тонна

АИ-95: 3 100 тонна

Дизель отыны: 4 900 тонна

Авиатопливо: 5 000 тонна

Сұйытылған газ: 700 тонна

Бұған дейін Энергетика министрлігі бензин бағасына қатысты сауалға жауап берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы