13 Наурыз 2024 2024, 08:49 Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Еліміздегі барлық су қоймасына су жиналып жатыр – министрлік

Еліміздегі барлық су қоймасына су жиналып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздегі барлық су қоймасына су жиналып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Солтүстік өңірдегі су қоймаларына орта есеппен 59% су жиналды. Айта кету керек, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9%-ға көп.

Оңтүстікте су қоймаларына орта есеппен 58% су жиналды. Ал, еліміздің батысында жиналған судың көлемі - 77%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% -ға артық; Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60% суға толы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп, - деп атап өтті ведомстводан.

Ал Орталық Қазақстанда су қоймаларына 61% су жиналғаны белгілі болды.