Еліміздегі автожолдардың 4 учаскесі жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты, яғни бұрқасын, көру мүмкiндiгiнiң шектелуi салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жоғарыда аталған автожолдардың 4 учаскесі Жетісу және Абай облыстарында.

Жетісу облысы

  • "Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы" Көктұма ауылы - Достық станциясы;
  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы" Үшарал қ. Абай облысының учаскесі.

Абай облысы

  • "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" учаскесі Қайнар а., Баршатас а.;
  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-шекарасы". Жетісу облысы - Таскескен а.

Халықты ескерту мақсатында "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол"
Өзгелердің жаңалығы