Еліміздегі автожолдарда жүргізушілерге экопакеттер таратылды

Еліміздің барлық өңірлеріндегі жолшылар республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге экопакеттер таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты – жүргізушілер мен жолаушыларды тазалықты сақтауға және жолға қоқыс тастамауға шақыру. Таратылған экопакеттер қоқысты жинауға арналған. Оларды жол бойындағы арнайы жабдықталған жерлерге тастауға болады.

Жолшылардың "Таза Қазақстан" акциясына қатысуы автомобиль жолдары бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы