Еліміздегі әуеден өрт сөндіру топтарының дайындығы тексерілді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев әуеден өрт сөндіру топтарының дайындығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Нысанбаев орман өрттерін сөндіруде қолданылатын өрт сөндіру құралдарымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ, Н-125 тікұшағында "Бэмби" типті су төгетін құрылғыны практикалық қолдану ұсынылды.

Н-125 тікұшағында су төгетін құрылғының осы түрін қолданудың бірегейлігіне мыналар жатады:

  • оның маневрлігі,
  • суды тез алуы
  • тікұшақтың ілулі режимінде нүктелік сөндіру мүмкіндігі.

Судың көлемі 1 тоннаға дейін, ұзындығы 60 метрге дейін және ені 5 метрге дейін бұғазды жүзеге асырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ЭТРМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы