Астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызмет көрсету мүмкіндігі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аграрлық-өнеркәсіптік кешендерінде қолайлы бизнес орта қалыптастыру мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызмет көрсету мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, "Астық туралы" ҚР заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешендерінің субъектілеріне келесі қызметтер арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік беріледі:
- жекеменшік нысанындағы теміржол жолдарын өзге субъектілерге пайдалануға беру;
- жарма өнімдерін сату;
- май тұқымдарын өңдеу және сату;
- астық қалдықтарын сақтау.
Жаңа заң қабылданғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарына қоймаға жатпайтын қызметтермен айналысуға тыйым салынатын. Енгізілген өзгерістер оларға қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп отыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімі жылуы жоқ аялдамаларды тексерді
Өзгелердің жаңалығы