Еліміздегі ақбөкен саны - 1 318 000

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде белгілі эко-белсенді Сәкен Ділдахмет еліміздегі киіктер саны бір жылда 56 пайызға өскенін хабарлады.

Биыл ақбөкен популяциясы 1 318 000 басқа жетті.  Бұл аптаның ең жақсы жаңалығы!  2021 жылмен салыстырғанда өсім 56 пайыз (842 мың), -деді ол.

Оның атап өтуінше, биыл киік саны Жайықта – 801 мың, Үстіртте – 28 мың, Бетпақдалада – 489 мың.

Осы жылы 1 шілдеден бастап киіктерді қорғау жөніндегі Бөкейорда мемлекеттік табиғи қорығы өз жұмысын бастайды.  Биыл Бетпақдала киіктерінің саны 2015 жылғы көрсеткішке жетіп отыр. Бұл «Охотзоопром» инспекторларының, аумақтық инспекциялардың және АКБК-ның орасан зор еңбегі.  Жақсы жұмыс!, -деді С. Ділдахмент Facebook-тегі жазбасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы