Еліміздегі 264 кәсіпорын жұмысшыларына 3,9 миллиард теңге қарыз
Қазақстандағы 264 кәсіпорын 17,8 мың жұмысшыға 3,9 миллиард теңге көлемінде жалақы қарыз. Бұл статистиканы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатаң кесте мен еңбекақы бойынша берешекті өтеу мерзімін белгілеуді қоса алғанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3,1 миллиард теңге төленді, – деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері инспекторлар 4 552 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 7 146 фактісі анықталды. Оның ішінде:
еңбек саласында – 5 310;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында – 1 769;
халықты жұмыспен қамту саласында – 67.
Жұмыс берушілерге 338,9 миллион теңге айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы