Еліміздегі 24 мың лифттің 4 мыңнан астамы жарамсыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кореялық компания Қазақстанда лифт индустриясы үшін орталық салу жобасын жүзеге асыруға ниетті. 

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов "Ofe Co., Ltd" компаниясының бас директоры Хам Ён-Чхер мырзамен кездесіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыға салды.

Оңтүстік Корея компаниясы лифт орталығын салу бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Жаңа орталық сатудан кейінгі басқару технологияларының трансферті мәселелерімен, құрылыс жабдықтарына қызмет көрсетумен, қамтамасыз етумен, технологияларды дамытумен, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, зерттеумен және әзірлеумен, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізумен айналысатын болады.

Айта кететін жайт, шетелдік компания Алматы облысында лифт өндірумен айналысатын "LGS Elevator" қазақстандық-корей кәсіпорны үшін бөлшектер мен жинақтауыштарды жеткізуші. Сондай-ақ, компания өкілдері Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасын шығару бағытында да бірлесе әрекет етуге ниетті екендерін жеткізді.

Компанияның бас директоры Хам Ен-Чхер қазақстандық тарап жобаны қолдаған жағдайда бастаманы іске асыру үшін 7-8 миллион доллар көлемінде қаржы бөлуге дайын.

Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлерде 24 025 жеделсаты пайдаланылуда, оның ішінде:

Жолаушыларға арналғаны - 23 547 лифт; жүк тасуға да, жолаушы тасымалдауға да арналғаны - 478 лифт;

Ал жұмыс істеп тұрған – 13 863 лифт болса, жөндеуді қажет ететіндері - 1 684, ауыстыруды қажет ететін - 4 478 лифт бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы