Елімізде жылына 1000 жаңбырлатып суару машиналары өндірісі жолға қойылады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ADAM компаниялар тобы 2024 жылы "SU BEREKE" брендімен бірінші отандық жаңбырлатып суару машиналарын өндірді.

Жоба суару және қолжетімді техниканың тапшылығын шешуге бағытталған: жаңбырлатып суару машиналары суды егістіктерге бірқалыпты таратуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде оның шығынын 30-40% азайтады.

2024 жылы СТ-KZ сертификаты және ЕАЭО сәйкестік сертификаты алынды. 30 машина өндірілді, олардың 7-уі Шығыс Қазақстан облысында жинақталды.

Ағымдағы жылы ADAM машиналардың жаппай өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

Бірінші тоқсанда "SU BEREKE" маркалы жаңбырлатып суару машиналарын өндіретін екінші зауыт Шығыс Қазақстан облысында іске қосылады.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 жаңбырлатып суару машинасына дейін жетеді.

Осылайша, бұл жоба шетелдік техника өндірушілеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кепілдік және сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

Өнім сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД нарықтарына бағытталатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы