Елімізде жылу 1 қазаннан бастап беріледі
Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев елімізде жылу 1 қазаннан бастап берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сондай-ақ ол елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт болып, нәтижесінде 300-ден астам адам қайтыс болатынын жеткізді.
Бұл ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қазанынан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты, - деді Марғұлан Аманбаев.
Сондай-ақ Аманбаев газбен жүретін көлік иелеріне ескерту жасаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Суару және су үнемдеу мәселелері өте өзекті - Смайылов
Өзгелердің жаңалығы