Елімізде экологиялық қоғам дамып келе жатыр – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында жаңа экологиялық кодекс жобасы туралы  ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.

Кәсіпорындар шығаратын зиянды заттарды бақылау біздің басты міндеттеріміздің бірі. Кәсіпорындар алдыңда тұрған міндет қоғамға және біздерге  экологияға шығарылатын зиянды заттар жайында толыққанды мәліметтің беріп, қоғамды ол ақпаратпен қамтамасыз ету. Сондықтан біздің ойымызша, бұл норманы міндетті етіп қоюымыз керек. Экологияда қандай зиянды заттардың шығарылатынын қоғам білу керек, - деді вице-министр.

Сонымен қатар, ірі кәсіпорындарда мониторинг бойынша датчиктер қойылғандығын атап кетті.
Бірқатар кәсіпорынға датчиктер орнаттық. Соның арқасында ақпараттар алып отырамыз. Алайда, кейбір кәсіпорындар бізге ондағы мәліметтерді бергілері келмейді, - деді спикер. 
Вице-министр, елімізде жылдан-жылға экологиялық қоғам дамып келе жатқадығын айтып, экологиялық кодекстің жаңа жобасы арқылы қоршаған орта болып жатқан оқиғалармен хабардар болатынын жеткізді. 
 
2020 жылды Президентіміз еріктілер жылы деп жаариялады. Соған байланысты біз қоғамдық қызметтерге белсене қатысамыз. Бәріміз білеміз қоғамда экологияға байланысты жаңа жобалар пайда болып жатыр. Оның барлығы еліміздегі экологияға пайдасын тигізері сөзсіз, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, вице-министр жаңа экологиялық кодекс жобасы кәсіпорындардың олқылықтарын тауып, оларды жауып тастауды көздемейтіндігін жеткізді.
Біздің басты мақсатымыз өңірлеріміздегі кәсіпорындардың жұмысын бақылап, экологияға тигізер пайдасын білу. Сондықтан кез-келген кәсіпорын шындыққа сәйкес келетін, маңызды ақпараттармен бөлісуі керек, - деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы