Елімізде жыл сайын 22 000 нәресте шала туылады

Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға жуық бала шала туылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туылған нәрестелер күні атап өтіледі. Қазақстанда неонатологтардың құзыреттілігі мен отандық орталықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында балаларды оңалту жоғары деңгейде өтуде. Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 аптада мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға жуық осындай сәби туылады, неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80% жетіп отыр, – деп жазды министрліктің баспасөз қызметінен.

Шала туған балалар күні алғаш рет Венада 2009 жылы атап өтілген.  Бір жыл бұрын, 2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосып, соған сәйкес республикада 2008 жылдан бастап тірі туылу критерийлері енгізілген. Ол бойынша жүктіліктің 22-аптасында дене салмағы 500 грамм және одан да көп туылған нәрестелерді күту қарастырылған. 

2022 жылдың 9 айында елімізде 299 711 сәби дүниеге келді, олардың 16,3 мың бала - мерзімінен бұрын туылған сәбилер. Шала туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда, деп қосып өтті министрліктің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі акушерлік ұйым жұмыс істейді, оларда жаңа туған нәрестеге дер кезінде медициналық көмек көрсету және қажет болған жағдайда босанғаннан кейінгі алғашқы күндері хирургиялық араласу жасау үшін әйел босанғанға дейін ауруханаға жатқызылады.

Сондай-ақ баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, туылғаннан кейін бірден перзентханада тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі.

Дене салмағы өте төмен туылған балаларда (2500 г-нан аз) шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Елімізде балалардың денсаулығын жақсарту, сондай-ақ нәресте өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы, скринингтік тексерулер – 1,6 миллионнан астам жас балаларды қамтитын профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1500-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылған, – деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы