Елімізде жыл басынан бері қанша адам қызылша жұқтырды?

Бұл туралы «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал күрделі екенін айтады.

Жыл басынан Қазақстанда қызылшаның 20 мың 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81 пайыз 16351-і 14 жасқа дейінгі балалар. Жасөспірімдер арасында инфекция 3,4 пайыз таралған. 3131 жағдай ересектер арасында немесе 15,4 пайыз, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның дерегінше, қызылша бойынша Шымкент қаласында 3069 жағдай, Алматы қаласында – 3010 , Жамбыл облысында – 2724, Мағыстау облысында – 1701, Алматы облысында – 1812, Атырау облысында – 1377, Ақтөбе облысында – 1485, Қызылорда облысында – 1182 жағдай тіркелді.

Қазақстанда күн сайын қызылшаның 350-ге жуық адам жұқтырады. Оның басым бөлігі екпе алмаған балалар. Республика бойынша ауру балалар арасында екпе алмаған балалардың үлесі 83,6 пайыз (13670 жағдай) адам, - деді Манар Смағұл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы