29 Сәуір 2024 2024, 15:35 Фото: - архив

Елімізде жыл басынан бері экологиялық заңнама 7 мың рет бұзылған

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады. 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан тыйым салынған 15 мыңнан астам метр балық аулау торлары, 9 тонна балық және балық өнімдері (оның ішінде 1,2 тонна бекіре), шамамен 3,5 мың ақбөкен мүйізі, 135 аңшы мылтығы, 81 текше метр заңсыз кесілген ағаштар тәркіленді, – дейді Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре» деген жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Маңғыстау облысында Түпқараған ауданында бір үйде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 72 кг құрайтын 13 дана бекіре балығы тәркіленді.  Атырау облысында Жайық жағалауын патрульдеу кезінде күдіктілерден 6 қапшыққа салынған 30 дана бекіре және сазан балықтары табылып,  «Бекіре тұқымдас балықты өсіру зауытына» тапсырылды, – дейді ІІМ ресми өкілі.