Елімізде жыл басынан бері 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды
Республика бойынша барлығы 40 546 бірлік тұрғын үй тапсырылды. Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады.
Жалпы, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбас басында Түркістан (132,0%), Павлодар (127,2%), Алматы (123,2%), Қызылорда (122,4%), Ақмола (116,9%), Жамбыл (114,9%), Атырау (114,1%), Қарағанды (113,9%),Қостанай (105,8%), Ақтөбе (105,5%) облыстары тұр. .
Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108,8% құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, Қарағанды (153,7%), Атырау (129%), Түркістан (122,5%), БҚО (115,5%), Ақтөбе (112,1%), ШҚО (110,4%), Қостанай (109,9%), Павлодар облыстары (107,8%), СҚО (107,7%), Алматы (105,8%) мен Шымкент қалаларында (105,1%).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы