Елімізде жүргізуші куәлігін бес рет сынақ тапсырған соң әрең алады – ХҚКО басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүргізушілер куәлігін алу үшін практикалық сынақтар тапсыратын автодромдар жаңартылып жатыр.

Біз мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңартып жатырмыз. Теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгіздік. Биометриялық сәйкестендіруді енгізген сәттен бастап елде бірінші реттен-ақ жүргізуші куәлігін алғандардың саны 58%-ға азайды. Егер былтыр бірінші тоқсанда 36 мың адам аталған куәлікті алса, биыл бұл көрсеткіш 15 200-ді  көрсетті. Сонымен қатар автодромдардағы жабдықтарды, автодромдар паркін жаңартылуда, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сондай-ақ бұдан былай жаңа автодромдар GPS технологиясы арқылы қызмет көрсететін болады. 

Енді кішігірім авто апаттың өзінде қажетті элемент тапсырылды ма, жоқ па, дұрыс көрсетіледі. Өйткені жаңа автодромдар GPS технологиясы арқылы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 14 мамандандырылған ХҚО-дағы автодромдар жаңартылды. Сонымен қоса, жүргізуші куәлігін берудің қатаңдатылуы курстанттардың емтихан тапсыруын көбейтіп отыр. Егер бұрын 50% адам куәлікті қиналмай-ақ алса, қазір орта есеппен бесінші рет тапсырған соң ғана жүргізуші куәлігін алуда. Сәйкесінше, жүргізушілер куәлігін алушылар кезеңі ұлғаюда. Бұл автодромдар инфрақұрылымын ұлғайту қажеттігін білдіруде. Осы бағытта жұмыстар қолға алынды, - деді Сүйеніш Әбділдин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы