Елімізде жұмыс уақыты қысқара ма? – Жақыпова түсіндірді

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс уақытының қысқаруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "Қазір қараңғы ерте түседі. 5-6 сағаттан соң күн бастады. Осыған орай жұмыс күнін қысқартылуы мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

Бүгінгі таңда қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс беруші мен қызметкер арасында ыңғайлы жұмыс кестесін орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жұмыс уақытын қысқарту жөнінде сөз жоқ. Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, ол 5 күн бойы 8 сағат жұмыс істеуі керек. Алайда жұмысқа бару және жұмыстан шығу уақытын өзгерту бойынша жұмыс берушімен келісуге болады, - деді ол Үкімет үйінде.

Еңбек министрі қолданыстағы заңның қандай мүмкіндіктер беріп отырғанын атап өтті.

Бізде азаматтар үшін ыңғайлы график кестесі қойылған. Мәселен, әртүрлі жастағы кішкентай балаңыз бар дейік. Сіз біреуін балабақшаға, екіншісін мектепке жібересіз. Мұндай жағдайды жұмыс күніңізді 2 сағатқа созуға немесе 1,5-2 сағатқа кеш келуге болады. Алайда бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бұлай болмаған жағдайда түскі уақытта жұмыс істеп, жұмыстан ерте шыға аласыз. Кез келген жұмыс беруші ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін осы шараларға барады, - деді Жақыпова.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ШҚО-дағы уақыт белдеуіне қатысты сұраққа жауап берді. Ол уақыт белдеуіне ауысқанымызға бір жылда болмағанын айтады. Әлі қорытынды жасауға ерте дегенді меңзеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы