Елімізде жұмыс істегісі келетін ресейліктер саны қанша? – Еңбек министірінің жауабы
Елімізде жұмыс істеп қалғысы келетін ресейліктер саны көбейді ме? Бұл сұраққа Еңбек министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуына қарағанда, Ресейден келген азаматтар еңбек нарығына айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Елімізге қанша ресейлік келгеніне Ішкі істер министрлігі жауап берсін. Себебі бұл олардың функциясына жатады. Мен соңғы рет сіздерге осында жұмыс істегісі келетін ресейліктер туралы айтқанмын. Алдында олардың саны 7 мың, кейін 5 мың 300 болды. Бұл сан осы деңгейде тоқтап ұр. Электронды еңбек биржасындағы дерекке сүйенсек, 5 мың адамның 1 мыңы түйіндемесін биржада қалдырған, - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Салық заңнамасына салық кэшбегін енгізуді ұсынамын – кәсіпкер
Өзгелердің жаңалығы