Елімізде жол апаты неден болады? – ІІМ 3 себебін атады

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев еліміздегі жол апаты көбіне неден болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІММ өкілінің дерегінше, жолдағы адам шығыны апаттың негізгі үш түріне байланысты, олар:

- автокөліктердің бетпе-бет соқтығысуы;
- жаяу жүргіншілерді қағып кету;
- және аударылу.

Осы себептер бойынша болған адам шығыны жалпы жол апатында қаза тапқандардың – 72%-ын құрайды.

Сондай-ақ Сұлтанбаевтың айтуынша, ведомствода автокөлік жолдарын күтіп ұстауға және жол жүрісін ұйымдастыруға қатысты тексеріс күшейтілген.

38 мыңнан астам тексеру жүргізілді, жолдарды күтіп ұстауда 36 мыңнан астам кемшіліктер анықталды. 5,5 мыңға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бүгінгі таңда жолдарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғаны үшін ең төменгі айыппұл – 55 380 теңге (15 АЭК).

Адал емес ұйымдарға қатысты жауапкершілікті күшейту мақсатында жолдарды күтіп ұстауда бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін анағұрлым қатаң жауапкершілікті көздейтін түзетулер қабылданды, - деді Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев биыл жол апатынан 2 мың адам қаза тапқанын хабарлап, көлік жүргізушілерінің дайындығы сын көтермейтінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы