Елімізде жеті саяси партия тіркеуден өте алмай қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр жеті жаңа саяси партия тіркеуден өткен жоқ. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан айтты.
Оның айтуынша, 2018 және 2017 жылдармен салыстырғанда былтыр саяси белсенділік біршама өскен.Өкілетті орган ретінде Әділет министрлігі саяси партиялардың мемлекет тіркеуінің статистикасын жүргізеді. Осы орайда 2017-2018 жылдармен салыстырғанда, 2019 жылда саяси белсенділіктің жоғарылағаны байқалды. Бүгінде тіркелмеген 7 ұйым бар,- деді Наталья Пан.Ол партияларды тіркеуден бас тартудың себептерін атады.
Жетеудің бесеуі бастамашы топтардың тізімін ұсынған жоқ. Біреуінде ұйымдастыру комитеті қызметінің мерзімі өтіп кеткен, заңда алты айлық мерзім қарастырылған. Осыған байланысты әділет министрлігі тіркеуден бас тартуға мәжбүр болады. Тағы бір бірлестік тексеруден өтіп жатыр, яғни оның мүшелері шетел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметші, судья болмауы керек. Осындай шектеулер бар. Бұл ретте жалпы жеті бірлестік бар, - деді вице-министр.Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтааралдағы су деңгейі төмендей бастады
Өзгелердің жаңалығы