Елімізде жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» бағдарламасының баламасы жасалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр жаңа жобаның пысықталып жатқанын атап өтті.

Ең алдымен халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Бірақ халықтың негізгі бөлігі жұмыс істеп, отбасын құрып жатқан тұрғындарды ұмытып жатамыз. Біз оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырып жатырмыз. Санаттар бойынша жіктелмейтін болады, - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысынан соң.

Өскенбаевтың айтуынша, жаңа бағдарлама әрбір отбасының жағдайына қарай жеке-жеке көмек көрсету ескеріледі. Сонымен қатар министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.

Жақын уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заңнамамызға сәйкес, қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Бұл ретте,  біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз, - деді Индустрия министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы