Елімізде жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын – Жәнібек Әлімханұлы

Бұл туралы жекпе-жек алдында БАҚ өкілдеріне өткізген брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында Франция елінің боксшысы Анаэль Нгамиссингемен кездеседі.

Біраздан бері жекпе-жек өтпеген еді. Қуаныштымын! Біздің жанкүйерлерге "қазақ стайлды", жақсы шоуды көрсетеміз деп сенемін! - деді ол.

Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Ал Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетіп, 11-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Жекпе-жек билеттері 5 наурыздан бастап сатылымға шығады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы