Елімізде жедел жәрдемге бөлінетін қаржы көбейеді
Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмек кепілді көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл түзетулердің мақсаты – жедел медициналық жәрдем қызметіне түсіп жатқан жүктеменің артуын қаржылай қамту.
Атап айтқанда, министрлік тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жедел жәрдемге бөлінетін қаржыны көбейтуді ұсынып отыр:
АМСК ұйымдарының жұмыс уақытынан тыс түскен 4-санаттағы жедел жәрдем шақыруларын өтеу тарифі бір тіркелген адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін арттырылады. Бұл жедел жәрдем қызметінің ресурстарын күшейтіп, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді, – делінген құжатта.
Жалпы алғанда, өзгерістер мына бағыттарға бағытталған:
- жедел шақыртуларға жауап беру уақытын жеделдету;
- пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттыру;
- жедел жәрдем бригадаларына түсетін өсіп отырған жүктемені қолдау.
- Министрлік өкілдері тарифтің өсуі жедел жәрдем жұмысының тиімділігін арттырып, әрбір азамат үшін медициналық көмектің қолжетімді әрі уақытылы болуына ықпал ететінін атап өтті.
Түзетулер жобасы "Ашық НҚА" порталында 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы