Елімізде жасы 60-тан асқан қанша адам бар

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрады, бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2%, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішінде: Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%) Әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%) құрайды екен.

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

Ұлттық статистика бюросы

2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құрады.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы