Елімізде жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасы тіркеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Гам-КОВИД-Вак-М» дәрілік құралына 8 айға уақытша тіркеу куәлігін берді. 

Бұл туралы ведомстованың баспасөз қызметі хабарлады. 

Гам-КОВИД-Вак-М («Спутник М») – SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина. Сондай-ақ І компоненті 0,5 мл/дозаны, екінші компоненті де сондай мөлшерді құрап, бұлшықет ішіне салуға арналған ерітінді түрінде жасалған. 

Вакцина биыл 17 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» қорытындысы мен 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу мен таралуына жол бермеу бойынша межведомстволық комиссия отырысының хаттамасы негізінде тіркелді. 

«Спутник М» 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған. 

Аталған екпенің «Cпутник V»-ден айырмашылығы – онда аденовирустық бөлшектің мөлшерлемесі бес есеге төмендетілген. Соның арқасында жасөспірімдердің иммунитетіне ересектерге арналған дозаны қолданумен салыстырғанда аз жүктеме түседі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы