3 Қазан 2024 2024, 10:36
Фото: Скрин
Елімізде жас қаламгерлерге арналған байқау басталды
«Ерлік пен еңбек дастаны» атты жаңа байқау талантты авторларды қолдауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
«Ерлік пен еңбек дастаны» атты жаңа байқау талантты авторларды қолдауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мақсаты – қоғамдағы еңбек адамдарының маңыздылығын көрсету. Түрлі мамандық иелерінің еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.
Байқау арқылы авторлар еңбек адамдарын жаңа қырынан танып, олардың рухын ашуға мүмкіндік алады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.
Жеңімпаз 2025 жылы Республика күнінде анықталады!