Елімізде жас ғалымдарға қандай жағдай жасалған? - вице-министр жауабы

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жыл сайын магистратурада гранттар мен стипендиялар өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдан бастап жыл сайын PHD-докторантураға орын саны мыңға артып отырады. Биыл докторантураның жекелеген түрі – индустриялық PHD-ге ерекше көңіл бөліп отырмыз, ол, ең алдымен, өндірістік секторда жұмыс істейтіндерге арналған, - деді спикер ОКҚ өткен брифингте.

Ахмед - Заки ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы мөлшері ұлғайтылғанын айтады.

Біз гранттардың жекелеген түрін бөліп алдық – «Жас ғалым» және жас ғалымдар конкурсы - жыл сайын әрқайсысына 3 млрд-тан, яғни 6 млрд теңгеден бөлеміз. Шамамен 150-ге жуық жас ғалым екі конкурс бойынша жеңіске жетеді, - деді ғылым және жоғары білім вице-министрі.

Сонымен қатар, жастарды ғылымға тарту мақсатында «Отбасы банкімен» бірлесіп жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама өткен жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 290 пәтер берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
Өзгелердің жаңалығы