Елімізде жаңа зерттеу институты ашылады
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Cardiff University арасында Астана қаласында халықаралық деңгейдегі Зерттеу университетін құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Меморандумға сәйкес, Кардифф университеті жобаның негізгі серіктесі ретінде қатысады. Cardiff University халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-канцлері, профессор Рудольф Аллеманның айтуынша, "Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жоғары білім беру саласындағы қарым-қатынасты жақындатады".
Жобаны жүзеге асыру үшін Астана қаласының әкімдігі 10 га жер бөлді.
Министр Саясат Нұрбек пен вице-канцлер, профессор Венди Лернер және департамент директорлары арасындағы кездесуде Кардифф университетінің инженерия, жасанды интеллект, тұрақты даму, медицина және биотехнология сияқты негізгі бағыттар бойынша білім беру бағдарламалары мен зерттеу технологияларын жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы