Елімізде жаңа Су кодексін жыл соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1 жылдың ішінде негізгі 2 құжат әзірленген. Біріншісі, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Онда жалпы 160 жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған. Бұл 2 млрд текше м суды жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.
Екіншісі - жаңа Су кодексі. Құжат қазір Мәжілістің қарауында және жыл соңына дейін қабылданбақ. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылық нысандары мемлекет меншігіне қабылданды, т.б. жұмыстар атқарылды, бұл жалғасын табады, - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, осыған дейін министрлік өкілі биыл суару маусымында көрші елдерден келетін судың көлемі бастапқыда келісілген көлемнен артық болғанын айтты.