Елімізде жаңа су электр станциялары қай жерде салынады?
Қазақстан алдағы жылдары су энергетикасын дамытуға ерекше мән беріп отыр.
Қазақстан алдағы жылдары су энергетикасын дамытуға ерекше мән беріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қабылданған жоспарларға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін ел аумағында жалпы қуаты шамамен 660 мегаватт болатын жаңа су электр стансаларын пайдалануға беру көзделген. Бұл бастама ұлттық энергетикалық жүйені жаңғыртудың маңызды бөлігі саналады.
Қазіргі таңда республикада ондаған гидроэнергетика нысандары жұмыс істейді. Олар негізінен тау өзендерінің әлеуетін пайдаланып, экологиялық таза электр энергиясын өндіреді. Жаңа жобалар осы бағытты одан әрі кеңейтіп, өңірлердің энергетикалық мүмкіндігін арттыруға бағытталған,- дейді Энергетика министрлігі.
Су электр стансаларының артықшылығы – жаңартылатын ресурсқа негізделуі. Өзен ағысының табиғи қуаты арқылы өндірілетін энергия атмосфераға зиянды қалдық шығармайды. Бұл өз кезегінде көміртегі шығарындыларын қысқартуға және климаттық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.
Жоспарланған 660 МВт қуат елдің энергетикалық теңгерімін әртараптандыруға ықпал етеді. Әсіресе оңтүстік және шығыс аймақтарда жаңа стансалардың іске қосылуы жергілікті инфрақұрылымды нығайтып, шалғай елді мекендерді тұрақты электрмен қамтуға жағдай жасайды,- дейде министрлік.
Мемлекет тарапынан инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін аукциондық сауда тетіктері қолданылады. Бұл әдіс жобалардың ашық әрі бәсекелі ортада жүзеге асуына жол ашады. Нәтижесінде салаға жеке инвесторлар мен заманауи технологиялар тартылуда.
Сарапшылардың пікірінше, гидроэнергетика нысандарының көбеюі елдің энергия қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, «жасыл» экономиканы дамытуға да серпін береді. Су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан болашақта тұрақты және экологиялық жауапты энергетикалық модель қалыптастыруды көздейді.
Осылайша 2030 жылға дейін іске қосылатын жаңа су электр стансалары елдің ұзақ мерзімді энергетикалық стратегиясында