Елімізде жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, жаңа Кодексінің жобасын жан-жақты зерделеп, дайындауға 1,5 жылдай уақыт қажет.

Келесі жылдың қыркүйегіне дейін деп мерзім белгіледік. Талқылау барысында отандық және шетелдік сарапшылар 1,5 жыл уақыт қажеттігін айтты. Бірақ алдағы жарты жыл ішінде белсенді жұмыс істеуіміз керек. Осы жұмыс бойынша жан-жақты қарауды талап етеді. Алға қойылған тапсырмалар бойынша жааңа Салық кодексін 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі. 

Айта кетерлігі, отырыста сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл заң еліміздің салық жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған.

Жаңа түзетулердің қатарында еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлемді енгізу туралы норма бар. Мұндай шара микро және шағын бизнес субъектілеріне қазіргідей еңбекақы төлеу қорынан 34,5 пайыздың орнына 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін біртіндеп 26,3 пайызға дейін өсе отырып, 20 пайыздық бірыңғай төлемді таңдауға мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы