Елімізде жаңа байланыс операторы пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек байланыс пен интернет сапасының мәселесін қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Асхат Оразбектің айтуынша, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында министрлік нарыққа жаңа байланыс операторын шығаруды жоспарлап отыр.

Ұялы байланысқа келсек, бізде «Қазақтелеком» компаниялар тобы атынан доминант және бір тәуелсіз ұялы байланыс операторы – Beeline бар. Алдағы уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» жеке инвесторға сатылады, осылайша нарықта үш оператор болады, – деді Асхат Оразбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы