Елімізде жаңа академиялық медициналық орталық ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя Мемлекет басшысымен кездесуде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орталық клиникалық білім беру деңгейін көтеруге және оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Мұндағы жұмыс ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің синергиясы негізінде озық білім мен тәжірибені пайдалануға бағытталған.

Юрий Пяның айтуынша, болашақта заман талабына сай медицина саласының мамандарын даярлап, науқастарға көрсетілетін қызмет сапасын әлдеқайда арттыру жоспарда бар. Президент бұл бастаманың ерекше маңызын атап өтіп, оң бағасын берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы