Елімізде жалақысына қол жеткізе алмай жүрген 15,3 мың қызметкер бар

Қазақстанда қызметкерлеріне жалақы бойынша берешек 481 кәсіпорын анықталды. Олардың берешегі 2,8 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 481 кәсіпорында 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді, - делінген Еңбекмині мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы