Елімізде зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорынан 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда енді қазақстандықтар олай ақшасын шешіп ала алмауы мүмкін.

Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы тиіс. Екіншіден, сарапшылардың ұсынысы бойынша зейнетақы қорында жиналған ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату керек. Біз де мұнымен келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек, - деді Светлана Жақыпова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы