Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақының өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет қаңтар айынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырмақ (еск. - жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 7%-ға, ортақ зейнетақы 9%-ға).

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақыны 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақыны 6,5%-ға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасуда. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сомада шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсу – 12,5%, - деді Байбазаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салсақ, Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2025 жылдан бастап балалар жәрдемақысы өсетінін айтты.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров теңгеге әсер етіп отырған үш факторды атады. Байбазаровтың сөзінше, Үкімет азық-түлік бағасын қадағалап отыр

Сонымен қатар үкімет баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі "Елімізде дефолт болуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы