Елімізде зергерлік бұйымдар қымбаттады

Қазақстанда биылғы қазанмен салыстырғанда, қараша айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы орта есеппен 6%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

БКБ мәліметінше, бұған дейін айтарлықтай өсім 2022 жылдың наурызда тіркелген.

Зергерлік бұйымдар бағасына валюта бағамының күрт өзгеруі әсер етуі мүмкін. 2015 жылдың күзінде валюта қымбаттаған кезде де әшекейлердің бағасы өскен болатын. Бірақ ол кезде өзгерістер айырбас бағамының еркін айналымына өткеннен кейін, бір-екі айдан соң тіркелген.

Айта кетерлігі, баға өсімі өңірлерде біркелкі болған жоқ. Мәселен, Түркістан облысында зергерлік бұйымдар бірден +16,5% баға қымбаттады.

Тауар түрлері бойынша қарағанда, алтын неке сақиналарының бағасы едәуір өскен: айдан айға жүзіктер +6,2%-ға қымбаттап отырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы