Елімізде зергерлік бұйымдар бағасы 4,9% өсті
Қаңтар айында Қазақстанда жылдық мәнде зергерлік бұйымдар мен сағат 4,3% қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішінде алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 2,9%, қол сағаттікі 10,1% өскен.
Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.
Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы