Елімізде зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар ісі жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
Министрлік ұлттық жобаның «Ел рухы» II-бағыты аясында «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын, соның ішінде мемлекеттік тілдегі ұлғайту» іс шарасын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең қолжетімділікті қалыптастыру және олардың әлеуетін іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі кезеңді қарастырады, - дейді вице-министр.Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалармен бірлесе жүргізіледі.
Аталған кітапхана оқырмандарының негізгі ақпарат көзі бедерлі-нүктелі шрифтпен, яғни Брайль қарпіндегі кітаптар. Алайда бүгінде кітапханаларда рельефті-нүктелі шрифтпен басылған әдебиет түрлерінің, соның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай министрлік 2021 жылы арнайы кітапхана оқырмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін елімізде бедерлі-нүктелі шрифт баспаханасын ашу мақсатында бірқатар шет мемлекетінің нарығын зерделеді, - деді Нұрғиса Дәуешов.Нұрғиса Дәуешов мәлімдеуінше, министрлік 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік жоспарында жыл сайын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға Брайль принтері мен Брайльдің портативті тактильді дисплейлерін, материалдық емес активтерді сатып алу үшін және кітапхана қорын толықтыруға тиісті қаражат қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жандарбек Бекшин тойға бара ма?
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы