Елімізде үйдің бағасы қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті хабарлады.
2019 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,6%-дан өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғары болды.
Әдіснамалық түсініктемелер:
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы