Елімізде Wrestlings Stars атты халықаралық дода өтеді

18 желтоқсанда елордадада еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ MMA шеберлері мен танымал блогерлердің басын қосатын Wrestlings Stars атты халықаралық дода өтеді, деп жазады BAQ.KZ.

Аталған жоба былтыр  қолға алынды. Бірінші рет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды. Биыл жарыс ауқымын кеңейтті. Яғни халықаралық деген статус алып отыр.

Бұл жолы отандастарымыздан бөлек, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Румыния, Эквадор, Әзірбайжан елінің спортшылары қатысады. Балуандардан бөлек, танымал блогерлер де шақырылған.

Қатысушылар арасында еркін күрестен 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдгері Нұрлан Бекжанов, Олимпада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрислам Санаев, ММА шебері Василий Тахтай,  Tartyl Fest жобасының амбассадоры Айтым Жақыповтар бар.

Бұл бәсеке еліміздегі күрес түрлерін, әсіресе, еркін күресті насихаттауға арналған. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – еліміздегі күрес түрлерін насихаттап, олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жол ашу. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында күреске деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз, - дейді турнирді ұйымдастырушы Дәурен Еркінұлы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы