Елімізде WhatsApp желісі дұрыс жұмыс істемей тұр

Елімізде WhatsApp желісі дұрыс жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолданушылар желіде хабарлама жіберу мен құжаттарды ашу барысында олқылықтардың орын алғанын айтты. 

Downdetector сервиcі мыңға жуық адамның желі жұмысына шағым түсіргенін мәлімдеді. 

Желі Қазақстан мен Ресейде дұрыс жұмыс істемей тұрғаны байқалған. 

Бұған дейін 21 қазан күні ел тұрғындары Telegram мессенджерінің жұмысына шағымданған болатын. Әсіресе Астана, Алматы мен Қарағанды облысында желі дұрыс жұмыс істемеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы