Елімізде вирус жұқтырғандар саны 650-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Түркістан облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 3 адам, Шымкент қаласында – 5 адам, Қызылорда облысында - 8 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 221 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 35 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 45 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 32 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 651 науқас тіркелді.

Қазақстан бойынша барлығы 651 жағдай. Жазылып шыққандар саны - 46, ал қаза болғандар саны - 6 адам.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы