Елімізде вакцина алған қанша адам вирус жұқтырды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.
Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцина алғаннан кейін вирус жұтырған 1437 адам тіркелді.Ол 0,05% деңгейінде. Бұл өте төмен көрсеткіш. Өйткені вакцина өндірушілердің өзі оның тиімділігін 92 пайызға бағалаған. Демек, 100 адамның сегізі вирус жұқтыруы ықтимал, - деді ол.Сонымен қатар ол «Спутник V», Hayat-Vax және QazVac вакцинасын алған адамдар арасында вирус жұқтырудың фактілеріне де тоқталды.
«Спутник V» вакцинасының бірінші дозасынан кейін 979 адам вирус жұқтырды. QazVac-тан кейін сегіз адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Hayat-Vax-та бұл көрсеткіш 35 адам, - деді Айжан Есмағамбетова.Айта кетейік, бұған дейін «Вакцина алуға міндеттеу азаматтардың конституциялық құқығын бұзбай ма?» деген сауалға жауап алғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вице-премьер өзінің қандай вакцина алғанын айтты
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы