Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді
Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы және республикадағы су шаруашылығы жағдайы жайында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты.
Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Оның ішінде республикалық меншікте – 536, коммуналдық меншікте – 1 011, жеке меншікте – 239, иесіз – 20, - деп мәлімдеді ол.
Досбол Бекмағамбетов атап өткендей, биылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша 1 322 ГТҚ зерттелген.
471 нысан жөндеуді талап етеді, оның 327–сі коммуналдық меншікте, 94-і республикалық меншікте, 44-і жеке меншікте. 6-ы иесіз. 3 су қоймасы жөндеуді қажет ететіндіктен транзиттік режимде тұр. Министрлік ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді, - деп түсіндірді комитет өкілі.
Бекмағамбетов министрлік су тасқыны кезеңінде өз құзыреті шегіндегі жұмыстарды оперативті атқаруға дайын екенін жеткізеді.